2014 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында жаңартылатын энергия көздері есебінен өндірілетін электр энергиясына тиянақталған тарифтар бекітілді.
Жел электр станцияларында өндірілген электр энергиясына тариф ҚҚС-ты қоса есептемегенде 1 кВсағ үшін 22,68 теңгені (шамамен 12,5 АҚШ центін) құрады.
Күн электр станциялары үшін тариф ҚҚС-ты қоса есептемегенде 1 кВсағ үшін 34,61 теңгені (шамамен 19 АҚШ центін) құрады.
Шағын су электр станциялары (қуаты 35 МВт дейін) үшін тариф ҚҚС-ты қоса есептемегенде 1 кВтсағ үшін 16,71 теңгені (шамамен 9 АҚШ центін) құрады.
Биогаздық қондырғылар үшін тариф ҚҚС-ты қоса есептемегенде 1 кВтсағ үшін 32,23 теңгені (шамамен 18 АҚШ центін) құрады.
Қабылданға шешімге сәйкес «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС («Кегок» АҚ еншілес ұйымы) «жасыл» электр станциялары өндіретін электр энергиясын бекітілген тиянақталған тарифтар бойынша сатып алуға міндетті.
Дерекнама: Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы